Жетістіктер
1. Мемлекеттік тілден Облыс әкімінің жұлдесіне өткізілген Облыстық Олимпиадаға қатысу:
2002 - 1 орын, 2003 - 3 орын алды. Оған эксперименттік топтың студенттері Коновалова Ю., Коновалова Н., Зотова Н., Писяукова Н., қатысты. Олимпиада төмендегідей номинация бойынша өтті:
A. Буклет қорғау (өз оқу орны туралы әңгімелеп беру); B. Қойылым: Менің болашақ мамандығым; C. Команданы таныстыру; D. Капитандар сайысы (мақал-мәтелдерден); E. Музыкалық нөмір. Біздің команда "Туған жер" әнін айтты.
2. Студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасау.
Котова К. "Тағам атауларына байланысты қазақ халқының салтдәстұрлері", Удовицкая Д. "Қазақтың ұлттық киімдері атауларының этнолингвистикалық сипаты" (сәуір, 2003). Ғылыми жетекшілері: ф. ғ. к., доцент Жылқыбаева А. Ш.
3. "Қазақ тілі" апталығына қатысу (желтоқсан, 2002). Экспериментке қатысатын студенттер қазақ тілі апталығына белсенді қатысты. Атап айтқанда, Жигальцова И., Исмагулова М., Зотова Н. сынды студенттер мәнерлеп оқу сайысынан жұлделі орындарға иеленді:
A. Сауаттылар сайысында (қазақ тілінде диктант жазудан) I орынды Рассказова И., Письяукова Н. алды.
4. С. Аманжоловтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу. Студенттер мемлекеттік тілде ғалымның өмірі және ғылыми мұрасы туралы баяндап берді. Ғалымға арналған өлеңдер оқыды, ән орындады (қазан, 2003 ж).
5. Университет басшыларының қатысуымен осы топтарда 3 ашық сабақ өткізілді.
A. Диспут-сабақ "Нашақорлық - ғасыр індеті". Құқықтану бөлімінің 2 курс студенттері мемлекеттік тілде нашақорлықтың пайда болу себебі, оның алдын алу шаралары, зияны туралы әңгімеледі. Нарколог пен полиция қызметкеріне сұрақтар қойды. Нашақорлық туралы бейнефильм көрсетілді. B. "Тәуелсіз Қазақстанға - 12 жыл". Бұл сабақ БМТмӘ бөлімінің студенттерімен өтті. Сабақта студенттер тәуелсіз Қазақстан, оның рәміздері, Желтоқсан кұрбандары туралы әңгімеледі, өлеңдер оқыды, ҚР әнұранын айтты. Сабаққа 2 қабырға газетін шығарды. C. Орыс филологиясы бөлімінің 2 курс студенттерімен өткізген ашық сабақтың тақырыбы: "Қазақтың ұлттық тағамдары". Сабақта келесі жұмыс тұрлері өткізілді: кітап көрмесі, диктант, әңгімелесу, ұлттық тағамдар көрмесі (қараша, 2002 ж).
6. 2002-2003 оқу жылындағы эксперименттің қорытындысына арналған ашық сабақ. Бұл сабақта студенттер өздерінің мемлекетік тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті. Олар қазақ халқының салт-дәстұрлерінен көрініс қойды, өлеңдер оқыды, өздерінің болашақ мамандығы, университет туралы әңгімелеп берді. Сабаққа қатысқан филология ғылымының докторы, профессор З. Базарбаева сабаққа жоғары баға берді. Сабақ жөнінде "Казахстанская правда" (14 маусым, 2003), облысытық "Дидар" газетінде (маусым, 2003) мақалалар жарияланды.
7. Наурыз мейрамына қатысу. Эксперимент топ студенттері жылда Наурыз мерекесі мейрамына өткізуге ат салысады. Мысалы, 2002 жылдың наурызында орыс филологиясы бөлімінің 2 курс студенттері Наурыз мейрамын өткізуге ат салысты. Онда олар екі ән (Қазақы дастархан мен Боз жорға) орындап, киіз ұйдің құрылысы және қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы айтып берді.
|