Kazakh
 Эстафета веков 
 Лаборатория эксперимента 
 Электронная библиотека 
 О проекте 

Поиск в каталоге:

4-Сабақ

Мәтiндi оқыңыз, аударыңыз. Мәтiнге ат қойыңыз.

...

     Айырбастың өркендеуiне байланысты ақша шықты. Ақша өнiм мен товар құнын бейнелейтiн балама. Ол әр мемлекетте әр түрлi аталғанымен негiзiнде сауда - саттық кезiнде құн өлшемi ретiнде пайдаланылатын металл және бағалы қағаз. Мәселен, Германиядағы ақша өлшемi - марка, Қытайда - юань, Ұлыбританияда - фунт-стерлинг, Венгрияда - форинт. Сонымен қатар кейбiр ақша өлшемдерi бiрнеше мемлекеттердiң ақша қатынасында жүредi. Мысалы: Франция, Бельгия, Швейцария елдерiндегi ақша өлшемi - франк, бiрқатар елдерде (Швеция, Норвегия, Дания, Чехия т.б.) қазiр қолданылып жүрген ақша өлшемi - крона, Ирак пен Югославияда - динар, ал АҚШ, Канада, Эфиопия және басқа кейбiр мемлекеттердiң ақша өлшемi - доллар.

     Көне замандарда алғашында әр түрлi тайпалар мен халықтарда ақша ретiнде iшкi және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болатын товарлар қолданылған. Ақша қызметiн қандай товарлар атқармады десеңшi. Аңшы халықтарда - аң терiлерi, ал диханшыларда - астық, шарап, өсiмдiк майы. Мысалы, ертедегi мемлекеттер, Рим, Спарта, Карфогенде ақша орнына мал жүрген. Скандинавия мемлекеттерiнiң ежелгi жазба ескерткiштерiнен аң терiлерiнiң ақша орнына жүргенiн көремiз.

     Ең қызығы қазiргi ұлттық валютамыз - теңге және тиын атауларының аң терiсiмен тығыз байланыстылығы назар аудартады. Сонымен қатар қазақ тiлiнде ақша, қаржы ұғымын беретiн пұл, сом, алтын, құн сөздерiнiң де тағдыры қызық. Ең бiр ерекше атап өтетiн жағдай бұл атаулар орыс тiлiнде де кездеседi және мағынасы жағынан байланысы бар.

     Ежелгi Русь пен көшпендiлер арасында ерте замандардан сауда - саттық дамып, тiптi, ортақ ақша атауларының қалыптасқаны тарихшы және әдебиетшi ғалымдардың еңбектерiнде жазылған. Мысалы, теңге - деньги, куны - құн, пул - пұл, алтын, тиын атаулары арасында тығыз байланыс бар екенiн орыс ғалымдары В. Ключевский, Г. Федоров - Давыдов, В. Вакуров еңбектерiнен оқуға болады.

     Жалпы, қазақ тiлiнде әлi сақталып келе жатқан ақша атаулары халқымыздың ардақты ұлы Б. Момышұлының "Қазақ тiлi еш уақытта, өзiмен көршiлес халықтың тiлдерiнен сорлы болып, қатардан қалып өмiр сүрмегендiгi, өз сыбағасын ешкiмге жегiзбегендiгi мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе едi" деген ұлағатты сөзiн дәлелдейдi.

("Қаржы-қаражат" журналынан)

Мына сөйлемдердi сұраулы сөйлемге айналдырыңыз:

     1. 1993 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналымға енгiзiлдi.
     2. 1997 жылы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жанынан ақша мұражайы ашылды.
     3. Ақша - өнiм мен товар құнын бейнелейтiн балама.
     4. Ертеде аң терiлерi, астық, шарап, өсiмдiк майлары т.б. ақша қызметiн атқарған.

Мақал - мәтелдердiң мағынасын түсiндiрiңiз.

     Ақша кетуге тырысады,
     Есеп ұстауға тырысады.

***

     Алтын көрсе перiште жолдан таяды.

***

Ақша - қолдың кiрi.

     ⌣J Кәне, бiрге күлейiк

Ақша мен ақыл

     Балам, ақша мен ақыл жолда жатса, қайсысын алар едiң? - деп балама сынай қарадым.

     - Ақшаны алар едiм, - дедi балам.
     - Бiлмедiң, балам, ақылды алмайсың ба? Бүкiл дүниенiң кiлтi ақылмен iске аспай ма?
     - Көке, өзiм де бiлемiн. Сол үшiн ақшаны алып тұрмын ғой. Мен ақшаны бiлiм жолына жұмсап, ақылды болғым келедi. Еңбексiз табылған ақыл баянсыз болмай ма? - деп бетiме қарады. Мен үнсiз қалдым.

Берiлген сөздердi жiктеңiз (жекеше түрде):

     бухгалтер, аудармашы, кәсiпкер, зейнеткер, құрылысшы, емшi.

Сөз тiркестерiн қазақ тiлiне аударып, сөйлем құрастырыңыз:

     работник банка, опытный бухгалтер, заведующий отделом, земельный налог, кабинет начальника, национальное богатство, выражение "отмывание денег".

"Байлық - қанағат пен еңбекте" деген тақырыпта шағын әңгiме құрастырыңыз.

     Оқыңыз, қызық!

Из истории денег

     Что только не использовал человек в качестве денег? И раковины, и стеклянные бусы, и собачьи зубы и даже свиные хвостики. Связки свиных хвостиков достигали иногда 12 м. На острове Яп были женские и мужские деньги. Женщины использовали браслеты из раковин, мужчины - каменные жернова в два человеческих роста. В других местах деньгами служили металлические прутья и копья. Человечество перепробовало сотни видов денег, пока не пришло к металлическим. В древнейших государствах - Месопотамии и Египте - пользовались слитками металла как посредниками при обмене. Иногда эти металлические деньги делали в форме кольца, полукольцами, бруска. Постепенно людям стало ясно, что лучше изготовлять слитки определенного веса, причем, выгоднее всего из драгоценных металлов - золота и серебра.

     Чтобы воспрепятствовать подделке денег, примешиванию к драгоценному металлу дешевых, государственная власть стала клеймить металлические деньги. Клеймо означало, что в слитке содержится металл определенного качества. Так появились первые монеты.

     Сейчас считается установленным, что древнейшие монеты появились в малоазиатском государстве Лидии в VII в. до н.э. Это были монеты из электросплава серебра и золота. Чуть позже, но независимо от Лидии, появились монеты на греческом острове Эгине, которые чеканились из серебра.

     В XVI - XVII вв. в Англии, Северной Америке, Канаде чеканилась частная монета. Например, банкир Бэтерел, живший в XIX в., изготовил в своих мастерских в Сесарфордтоне (Северная Каролина) монет на 11 млн. франков золотом. На монетах были обозначены их вес, имя и местожительство банкира. Но эти частные деньги сравнительно редки.

("Банки Казахстана" журналынан)

Сайт создан при финансовой поддержке Фонда "Сорос-Казахстан". Услуги хостинга предоставлены ВКГУ им. С. Аманжолова

Дизайн, программирование - Ростислав Гета